Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жалғыздықтың мұңын кештім": әнші Наркенже Серікбаеваның күйеуі қайтыс болды

"Жалғыздықтың мұңын кештім": әнші Наркенже Серікбаеваның күйеуі қайтыс болды
Инстаграм
Өнер иесі көпшілікке шерін тарқатты

Әнші Наркенже Серікбаевтың күйеуі қайтыс болғаны жайлы өмірдегі үзеңгілестері хабарлап, көңіл айтып бастаған еді. Бүгін әншінің өзі бастан кешкен ауыр жағдай жайлы Инстаграм парақшасына жазды. Қолдаған көпшілікке алғысын айтып, қиын жағдайда қалғанын жасырмады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кеттім. Оның бірден-бір себебі: кеше ғана отбасымда қайғылы жағдай болып, менің Құдай қосқан қосағым, тірегім, баламның әкесі мәңгілік сапарға аттанды. Қабырғамыз қайысып, басымыздан сынақ өтіп жатқаны бәріңізге белгілі.

Алдымызда қанша арман, мақсаттарымыз бар еді. Қазір енді жалғыз қалып, жапан даланы жалғыз кезген адам секілді болып отырмын. Маған оңай болмай жатыр. Жалғыздықтың мұңын кешіп, жүрегімнің ауырғаны жаныма батып, кеше ғана жанымда жүрген өмірлік серігім бүгін ортамызда болмағаны өте қатты қажытып жатыр. Әлі сене алар емеспін, бір түс секілді.

Иә, бұл Алланың ісі. Алланың дегеніне көнеміз. Мұндай жағдайды ешкімнің басына салмасын. Сіздердің қолдауларыңызды естідім, көрдім. Жалған өмірдің жарығы ендігі уақытта жақсылықпен жансын деген ниеттемін", - деп жазды Наркенже Серікбаева. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар