"Әдемі әрі бақытты өмір сүруді" үйретемін деп курс сатқан Сабина Алтынбекованы шәкірті сотқа берді
- автор kyn.kz
- 10 қазан, 2023
- 4.1k
Өмір сүруді үйреткісі келген. Аты әлемге танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың басы дауға қалды. Спортшының курсын сатып алып, бірақ көңілі толмағандар ақшасын талап етіп жатыр. Тіпті бір адам полицияға арыз түсріпіті, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Танымал спортшы биыл мамыр айында қыздар қауымына арналған қауымдастық құратынын жариялаған. Маусымда тәлімгер курсын ашып, сатылымға шығарады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның бағасы 290 мың теңге болыпты. Шамасы жетпегендер тіпті несиеге сатып алған. Негізі мұндай курстың мақсаты – жетістікке жеткен тұлғалар тәлімгерлерге өз тәжірибесімен бөліседі.
Алайда бір айға жетпей, Сәбинаның курсына кейбір қыздардың көңілі толмай шықты. «Ақшасы мен берген білімі мүлдем сай емес» деп шулап, ақырында қаражатты қайтаруын талап етеді. Бірақ табысы тәуір спортшылар қатарындағы Сәбина Алтынбекованың өзі оған басын қатырғысы келмейтін сыңайлы. Ақпарат құралдарында спортшының менеджері «тиісті қызмет көрсеттік, курс ақысы қайтарылмайды» деп айтқан.
"Алматы ПД бұл дерек бойынша Р.есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданы полиция басқармасына 6 қазанда келіп түскенін хабарлайды. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге ала отырып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р.есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды",-дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024