Спорт
Ташкентте қазақстандық 16 футболшы Өзбекстанда ауруханаға түсті: Денсаулық сақтау министрі жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:08
- 58
Үкіметте өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жас қазақстандық спортшылардың Өзбекстанда жаппай улану жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері мен қазақстандық дәрігерлер Өзбекстандағы әріптестерімен байланыста екенін атап өтті.
"Балалар онлайн-режимде бақылауда. Олар алып жатқан ем біздің хаттамаларға сәйкес келеді. Балалардың жағдайы тұрақты", - деді ол.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қажет болған жағдайда жас спортшыларды Шымкент пен Түркістан облысының клиникаларына жеткізуге болады.
"Бірақ жағдайы тұрақты, бұл – тағамнан улану. Өзбекстандағы әріптестер қосымша зерттеулер жүргізіп жатыр. Олар бізге ақпарат берген соң хабарлаймыз. Бүгінгі таңда балалардың өмірі мен денсаулығына қатер жоқ", - деп сендірді министр.
Келесі мақала
Қазақстанда мас жүргізушілерді тексеру тәртібі өзгермек
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
2027 жылғы дзюдодан әлем чемпионатының туы ресми түрде Қазақстанға табысталды
- авторkyn.kz
- 10 қазан, 2026




