Ақтаулық танымал блогер келіннің өліміне анасы күйеубаласы мен құдағиын кінәлап отыр
- автор Анар
- 11 қазан, 2023
- 3.8k
23 жастағы ақтаулық блогер өз-өзіне қол салып, дарға асылып қалған. Алайда, жұртшылық Айзаданың өзіне олай жасағанына сенбейді, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап. Оқиға Ақтау қаласында 23 тамызда орын алған. Әйелінің денесін күйеуі Жанболат жуынатын бөлмеден асылған күйінде тапқан.
“Сразу кірдім, сол қапталымда асылып қапты. Өзім асылып тұрғанында көтеріп,жерге түсіріп алдым”,-дейді күйеуі Жанболат.
Тіпті, бұндай сұмдық жағдайға 5 жасар ұлы алғаш куә болып, әжесіне хабарласқан екен.
"Әже, тез-тез үйге келші. Анам талып қалды. Әже... анам талып қалды.Тез-тез келші"-,деп ватсап арқылы аудио жазба жіберген.
Бұған қоса, 23 жастағы блогер келіншектің басындағы жарақатына арнайы талдау жасалған. Айзада Оралованың мәйітіне сот медициналық сараптама жүргізгенде басындағы жарақат қатты доғал заттың әсерінен немесе сондай затқа соғылудан пайда болуы мүмкін деп анықталды. Бұған көбісі күйеуі Жанболаттың ісі деп айыптады. Ал, Жанболат болса, жарақаты бар екенін кеш білгенін жеткізді:
“Маған ешкім айтқан жоқ, оны осында келіп естіп тұрмын.Мен қайдан білейін?”,-деді Жанболат.
Айзада Оралованың өліміне күйеуімен қоса, енесінен де күдік бар. Себебі, анасының айтуынша,қызы енесіне несиеге ұялы телефон алып берген. Айзаданың анасына жазған соңғы хатында:
" Мама, сәлембердік, сен атаммен сөйлесесің ғой, айтып тасташы.Қызымды кредитке кіргізіпсіңдер деп.Алтынай қатын золото алтыртқан, көйлек алдыртқан деп.Қолындағы соткасына дейін алып беріпті де.Осыдан соң қызға бірдеңе болса екеуіңнен көрем де",-деп жазған Айзада Оралова.