Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлттық қордан 18 жасқа толған балаға түсетін ақшаның көлемі жарияланды

Ұлттық қордан 18 жасқа толған балаға түсетін ақшаның көлемі жарияланды
Есепшоттағы ақша доллармен есептеледі. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 18 жасқа толған баланың есепшотында қанша ақша жиналатынын айтты, деп жазды KYN.KZ   тілшісі.
Келесі жылдан бастап елімізде "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылады. Аталған жоба бойынша Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы есепшотына аударылады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың хабарлауынша, қазіргі кезде жылдық инвестициялық табыстың орташа мөлшері 5-6 процентті құрап отыр.


"Биыл жарты жылдың ішінде кіріс шамамен 5 проценттен асып тұр. Соның арқасында шығынның бір бөлігі өтелді. Алдағы уақытта осы оң динамика сақталады деп сенемін. Біздің есебіміз бойынша балалардың есепшотында 18 жасқа дейін 3,5 мың доллар (қазіргі курспен 1 668 730 теңге) жиналады", - деді Ақылжан Баймағамбетов сенаттың бүгінгі отырысында.


Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Өйткені, ұлттық банк оны бала 18 жасқа дейін толғанша инвестициялап отырады. Ал төленетін уақытта сол күнгі курспен теңгеге аударылады.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар