Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еліміздегі пойыздарда енді тегін Wi-Fi қосылады

Еліміздегі пойыздарда енді тегін Wi-Fi қосылады
Қазақстандағы пойыздарда жолаушылар интернетке тегін қосыла алады, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған жаңа қызмет түрі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында енгізілді. Ол еліміздің барлық поезда қолжетімді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Ендігі кезекте вагондардағы тегін Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін пайдалана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көруге мүмкіндігі бар және  музыкалық шығармаларды да тыңдай алады. Бұл қызмет түрі жолаушылар үшін тегін.

Аталған тегін қызметті пайдалану үшін жолаушы өз құрылғысынан Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өту қажет.

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар