Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мойынқұм тұрғыны ауласында кең өндіріп, алтын өңдейтін цех ашып алған

Мойынқұм тұрғыны ауласында кең өндіріп, алтын өңдейтін цех ашып алған
ktk
Оның ауладағы сарайынан 1 тоннаға жуық түрлі бағалы тастар табылды

Ауласында алтын өңдейтін цех ашып алған. Жамбылда 54 жастағы азамат үйінде отырып кен өңдіріп келіпті. Мойынқұм ауданының тұрғынын тінту кезінде сарайынан бір тоннаға тарта әр түрлі тас табылды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК жаңалықтарынас сілтеме жасап.

Ауыл азаматы құрамында бағалы металл бар шикізаттың біраз бөлігін қапшықтарға салып қойыпты. Тіпті көлеңкелі кәсібін кеңейту үшін түрлі техника сатып алған. Онда қолдан жасалған үш бірдей тас уатқыш тәркіленді.

Қазір заңсыз қазба жұмысымен айланысқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен оның 7 млн теңгеге жуық айыппұл төлеп, жазадан құтылып кету мүмкіндігі бар.

"Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 295-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық сот сараптама тағайындалды",-дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар