Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте мәдениет басқармасының бастығы жұмысшысының еңбек шартын ұзарту үшін ақша сұраған

Шымкентте мәдениет басқармасының бастығы жұмысшысының еңбек шартын ұзарту үшін ақша сұраған
ашық дереккөзі
Ол қоластындағы азаматқа қызмет бабымен көрсетер қамқорлығын 1 млн теңгеге бағалаған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысы  Сәкен Шәкеевтің не үшін ұсталғанын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

«Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Шенеунікке қол астындағы қызметкердің еңбек шартын ұзартқаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

Ол еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің шаруашылық жөніндегі әкімшісі ретінде бастады, 2009-2014 жылдары логистика департаментінің жетекші менеджері, 2014-2015 жылдары қаржы және әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің заңгері, 2015-2017 жылдары логистика департаментінің директоры, 2017-2020 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының вице-президенті болып жұмыс істеді.

2022 жылғы 6 қыркүйектен бастап мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2023 жылғы 10 наурыздан бастап қазіргі уақытта Шымкент қаласының мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы (пара алу) бойынша параның жиырмадан елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ірі мөлшерде пара алғаны үшін параның алпыстан жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар