Сабина Алтынбекованың сатқан курсына наразылар саны артып, сотқа берушілер көбейді
- автор Анар
- 13 қазан, 2023
- 3.1k
Спортшы қыздың курсынан кейін тіпті бір адам сотқа арыз түсірген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
⠀
Сәбина Алтынбекова биыл қыздарға арналған қауымдастық құратынын жариялаған еді. Осы жылдың маусым айында курс ашып, сатылымға шығарады. Курстың бағасы жан басына шаққанда 290 мың теңге болған көрінеді. Тіпті кейбір желі қолданушылары оны несиеге сатып алған екен.
⠀
Жұртшылық курсты сатып алғанымен де қыздардың барлығының бірдей көңілінен шықпаған. Олар спортшыны сынға алып, ақшасын қайтаруын талап еткен. Волейболшыны сотқа бергендер де бар.
⠀
Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
⠀
«Полиция департаменті бұл дерек бойынша Р. есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданы полиция басқармасына 6 қазанда келіп түскенін хабарлайды. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге ала отырып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р. есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды», -деді ПД баспасөз хатшысы.
⠀
⠀
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық шахматшылар әлемнің үздік рейтингісін жаңартты
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қазан, 2024
Қаражаттан қысылған Назым Қызайбай сыйға тартқан көліктерін сатып жатыр
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2024