Айгүл Орынбек: актер қылмысты екінші рет қайталады, судья жазасын дұрыс берді
- автор kyn.kz
- 14 қазан, 2023
- 16.5k
Заңгер Айгүл Орынбек бірнеше күннен бері актер "Асқар Жұмабекке араша түсіңіз" дейтіндер көбейгенін айтты. Қарапайым халық бұл жағдайда актердің өткенімен таныс емес екенін айтқан қоғам белсендісі, оған қолдау көрсетіп, араша сұрап шыр-пыр болып жүргендердің өзі таза емес дегенді жазды. Бұл мәселеде жәбірленуші бай баласы сотта ақшаның арқасында жеңіп кетті деген бейресми ақпарат тараған еді. Көпшілік содан бастап актерды қорғап қалуға тырысқан, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Байдың, атақты адамның баласы ғана кінәлі деген теріс түсінікті жою керек! Әділетті Қазақстан құрғымыз келсе қылмыс жасаған адамға бай немесе кедей деп статус беріп ақтап, жақтауды доғару керек! Екі күннен бері актерге көмек беріңіз деп жекеме шықпаған адам қалмады.
Айқайлап көмек сұрап шыққан адамның бәрі пәк емес!
Ең бірінші бұл актер жігіттің өзі алдын дәл осылай біреуді ұрып, шартты түрде сотты болған екен. Яғни бұл бұзақылық ісін екінші рет қайталаған үшін, ауыр жаза арқалап отыр. Олар бай мен кедеймін деген актерлік шеберлік сотта өтпейді.
Мына видеода актердің өзі бірінші қол жүгірткені көрініп тұр. Байдың баласын жатқызып алып бәрі жабылып тепкілеу ол жігіттік емес!
Ойбай байдың баласын сөзін сөйлеп жатсың, ақшаға сатылып кеттің ба деп жазатындар шығады қәзір. Кедейлер қылмыс жасамайды деген заңды алып келіңдерші!",-деп жазған заңгер Айгүл Орынбек.
Құқық қорғаушы одан бөлек пікір қалдырып, сұрақ қойғандарға жауап бере отырып соттың дұрыс үкім шығарғанын айтты.
"Бір жасаған қылмысын, өтемей жатып қайта жасаған болса, әрине ауыр жаза береді. Ол заңдылық! Судья жазаны дұрыс беріп отыр",- деген заңгер.
Есте болса, актер Асқар Жұмабек 2022 жылы 28 желтоқсан күні Алматыдағы караоке-клубтардың біріндегі төбелеске араласқан. Ол осы іс бойынша 10 ай бойы үй қамақта отырған. Енді тергеу аяқталып, сот актерді қылмысқа кінәлі деп 6,5 жылға қамауға үкім шығарған еді.