Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сара Амангелді: мейрамхана мәзірін түсінбей, ертіп барған жігіттен ұялып терлеп кеттім

Сара Амангелді: мейрамхана мәзірін түсінбей, ертіп барған жігіттен ұялып терлеп кеттім
стоп кадр 7канал
Актриса: мен орысша да білмейм дұрыс. Жігіт стейк заказ беріп, мен оны шанышқы, пышақпен жеймін деп, соңы қолымнан келмеді несін жасырамын.

Актриса әрі әнші Сара Амангелді Анна Данченкоға жаңадан алған үйін көрсетіп, өзі жайлы шынайы ақпараттармен бөлісті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Мен бұл үйге әлі қонақ та шақырып үлгерген жоқпын. Шынын айтсам бұл қымбат ауданнан анам алып берді ғой. Ішіндегі жихаз, дизайн бәрін анам таңдап, сол кісі жасап берді. Осыдан кейін мені де Қайрат сияқты анасы бүкіл мәселесін шешіп береді дейтін шығар. Мейлі ғой, негізі солай. Мен негізі ремонт бойынша бәрін білебермеймін. Маған бастысы үйді күніне екі рет жинап шығамын, бәрі таза тұру керек. Кейде мынау шынымен менің үйім ба деп ойланамын.

Онша бір ақша құртабергенді де ұнатпаймын. Үнемі үйден тамақ жеймін. Қымбат бұйымдарды сыйлайды, жақындарым алып береді. Мен тіпті көшеден тамақ жеуді ұнатпаймын. Бірде жігітпен мейрамханаға бардық. Барған жердің менюін де түсінбедім негізі. Сосын, "манты" дедім.  Олар "жоқ" деді. Ойбу деп "палау" дедім, ол да жоқ. Сосын шашлык дейсалдым. Ол да жоқ екен. Содан аты басқаша бір тамақтарды айтты. Олардың не екенін түсінбей, бірақ жігітке білдірмей отырабердім. Ана жігіт өзі стейк деді.

Содан оған дейін стейк не екенін білмедім. Алдыма келгенде  вилка, пышақпен жемекші болдым. Ақыры қолымнан келмей қобалжып, терлеп ұялғаным ай. Айттым, үйге барып колбаса мен нан жейсалайыншы, шыны керек мынау болмады дедім.Енді бқл ұят ештеңесі жоқ деп ойлаймын. Үйде бәрі күнде жеп жүр ғой соны, менде жеймін",-дейді актриса.

Сұхбат соңында көпшілік Сара Амангелдінің қарапайымдылығына сүйсінгендерін жарыса жазған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар