Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дәулет Тұрлыханов: тұңғыш перзентім ұл болмады, қыз болды деп әйеліме ренжігенмін

Дәулет Тұрлыханов: тұңғыш перзентім ұл болмады, қыз болды деп әйеліме ренжігенмін
ашық дереккөзі
Депутат Дәулет Тұрлыханов отбасы, 6 баласы жайлы айтты

Депутат Дәулет Тұрлыханов Дина Төлепбергенге берген сұхбатында отбасы, балалары және олардың тәрбиесі жайлы әңгімелесе отырып, тұңғышының қыз бала болғанына ренжіген сәтті еске алды.

"Мен ол кезде  небәрі 23 жаста едім. Мен оқу- жаттығу жұмыстарында  жүрген кезде сол хабар келді. Бірақ бірден әйеліме ренжідім. Неге ұл таппады деп. Қазір тұңғыш қызым 37 жаста",-дейді Дәулет Тұрлыханов.

Депутат бұдан бөлек ұлы көшеде қыз баласын ұрды деген ақпаратқа тоқтады.

"Ұлым үйленбеген, өзі сол оқиға болған жақта үйді жалдап тұрады. Көлігін өзім алып бергенмін. Ол 27 жаста  "үйлен" деп айтамын. Таңдауы сол Еваға түссе білмеймін. Негізі өз қанымызға үйленгені дұрыс. Бірақ ол айтқан бетінен қайтпайды. Ол мінезді. Баланың мінезін сындырмаған дұрыс деп ойлаймын.

Әкежанмен сөйлестім.Толық видеода қыз өзі бірінші тиісіп, тырнап, тиіскен. Бірақ құлатып қарамай кеткені, балам қатты ренжіген шығар. Сотта бұл іс қаралды. Қыз бен жігіт бір біріне сұрақтары жоғын айтып, тарасты. Бұның барлығы менің жұмысыма орай, маған қарсы ұйымдастырылған ақпараттық шабуыл деп ойлаймын",-дейді депутат.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар