Басты жаңалықтар
Абай Бегейдің 15 жастағы қызы Инстаграмнан табыс тауып, әкесіне ерекше сылық жасады
- автор kyn.kz
- 17 қазан, 2023
- 5.2k
Сымбат: бірнеше ай бойы өз табысымды жинап отырдым
Әнші Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбат әкесіне өзі табыс тауып ерекше сыйлық жасады. Ол бұл сыйлықты жасау үшін бірнеше ай дайындалғанын айтады. Сымбат алғашқы табысына әкесін Меккеге жіберуді жоспарлап, ниет еткен, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
“Сөзсіз… Осы күнді ұзақ күттім, ішіме сыймай. Сәуірден бастап блогымды жүргізіп, бірнеше бутиктерге модель болып, жарнамасын жасап тірнектеп жинадым. Ақтауда жүргенде де шетінен салмай тек осылай Той алдында папаны қуантамын деген мақсат болды. Тосын сый деп Меккеге жолдама алып беремін деп жүр едім, папаның кестесін білмегесін өзіне беру дұрыс болар деп шештім. 15 жасымда осылай ағамның тойының бір шетін көтере алғаныма іштей қатты қуанып тұрмын”, – деп жазды Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбат.
Көпшілік Сымбаттың осы сөздерінен кейін тәрбиесіне сүйсіне қараған. Желі оқырмандары жағымды тілектерін жаудырып, бойжеткенге алдағы өмірде жолы ашық болуын тілеген.
Келесі мақала