Петропавлда 18 жасар жігіт футбол алаңында ішіне доп тиіп, 2 минут ішінде тілге келмей ажал құшты
- автор Анар
- 18 қазан, 2023
- 2.7k
Петропавлда жаттығу кезінде жан тапсырған жас футболшының өлімі жан-жақты тексеріліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Футбол орталығының басшысы жігіттің жаттығу кезінде аяқ асты талып қалғанын айтады.
- Ешкім де бұндай оқыс жағдайды күткен жоқ. Бала допты айналдырып жаттығып жүрген. Аяқ астынан есінен танып құлапты. Осылай деп жаттықтырушы айтты. Футбол алаңында бұрынсоңды дәл осындай жағдай болып көрмепті,-дейді Вячеслав Колода, «Қызылжар» футбол орталығының басшысы.
Оқыс оқиға футбол клубының кезекті жаттығуы кезінде болған. Рауан Мұхтаров доппен ойнап келе жатып, кенеттен құлап түскені сол жердегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір осы бейнежазба тергеушілердің қолында. Сондай-ақ, камераға Рауанның кеудесіне доп тигені де жазылып қалған. Бірақ жас спортшы еш ауырсынбай әрі ойнап кете барған.
Дегенмен оның өліміне осы соққы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Футболшының нақты неден көз жұмғаны әлі анықталып жатыр. Белгілісі, жедел жәрдем оқиға орнына төрт минутта келіп, оны облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Ақ халаттылар Рауанның өмірін сақтап қалу үшін екі сағат күрескенімен, көмектесе алмапты. Жасынан бокспен айналысқан Рауан бұл клубқа биыл маусым айында келген. Марқұм жоғары кәсіби педагогикалық колледжінің студенті.
- ҚР Қылмыстық Кодексінің 001-бабы «Адамның қайтыс болуы»бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Істің барлық мән- жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр,-дейді Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024