«Қонаев» кооперативі тұрғындарының күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылатын түрі бар, дейді KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Коттедж қалашығы сүріледі деген хабардың құлағы қылтиғалы маза кетті. Көршілер таңмен тұрып кезекті мәслихат құрды. Не бел, не белбеу кетеді деген ойға бекіген.
“АПЗ бәрі бар. Жұмысқа әуежайдан рұқсаты бар. Осындай сұраққа келіп тұр, сүріледі деген, көршілер дің құжатын алып жатыр, мысалы. Құжаттар берген, экспулатацияға берілген үй қызыл жолақта, сүріледі дейді де, мектеп түсіп тұр дейді. Бас жоспарды өзгерте салғанына таң қалып тұрмыз. Бір жыл бұрын бәрі дұрыс болған”,-Нұржігер Сейіт.
Кооператив әуежайдан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар о бастан құжаттарын олармен туралап, рұқсатын алғанбыз дейді. Оның үстіне ұшақтар бұл маңда төмен ұшатындықтан, көп қабатты үй тұрғызудың қисыны жоқ деген пікірде.
“Бұл жерде 45 үй соғылып тұр. Үкіметке мына жердің орнына басқа дүние соғу тиімсіз сияқты. Өйткені мына жерді сатып алу, өтемақы төллеу деген орасан шығын ғой. Сондықтан бізде осы бетінде қалдырса деген ниет”,-дейді Бақнұр Бажыбаев.
Әкімдіктегілер ол өзгерістің «Қонаев» кооперативіне қатысы болмайды деп сендірді.
“Жеке тұрғын үйлер, тағы да басқа объектілер ПК «Қонаев» мекенжайында сүрілу қарастырылмаған. «Қонаевтың» тұрғындары Хмельницкий көшесінің жасалуына кірмейді. Ол жерде орналасқан қызыл сызықтар нақты жоспарлау жобасы кезінде сәйкестендіріледі”,-дейді Бекнар Берікұлы, Түрксіб ауданы қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру қызметінің басшысы.
Шағымданған тұрғындар бұл жаңалықты естіп көңілі орнына түсті. Дегенмен көрші көшедегі үйлер сүріледі. Бірақ ол жұмыстың қашан басталатыны әзірге белгісіз.
Футболдан Қазақстан Финляндия құрамасын жеңді
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024