17 қазанда Хельсинкиде Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Финляндиямен ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды KYN.KZ. тілшісі.
Бірінші голды 28-минутта фин футболшысы Тейлор Роберт соқты. Ол айып добын орындап, есеп ашты. Ойын тартысты өтті. Алайда бірінші тайм қазақстандық команданың қарсыластарының пайдасына аяқталды. Екінші тайм тағы да финдердің шабуылымен басталды. Дегенмен жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов 77-минутта есепті теңестіріп, пенальтиден гол соқты.
Одан кейін 90-минутта Зайнутдинов қарсыластар қақпасының алыс бұрышын басымен соққы жасап, қазақстандықтарға тағы бір қуаныш сыйлады.
Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңінде екі ойыны бар: 17 қараша – Сан-Мариномен, 21 қараша – Словениямен.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024