Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кинотеатрларда «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі көш бастап тұр

Кинотеатрларда «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі көш бастап тұр
Orda365.kz
Өткен аптадағы үш күнде фильм кассасы 107 млн теңгеден асқан.

Тикетон сайты 12-15 қазан аралығында көрсетілген фильмдердің кассалық түсімі туралы деректі жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бірінші орында «Міржақып: Оян, Қазақ» фильмі 107 млн теңге жинаған. Ал өзге отандық фильмдер арасында «Сoco&Janbo» фильмінің кассасы 62 млн теңге, «Байдың қызын аламын» 24 млн теңге, «Белгісіз батырлар» 18 млн теңге.

21 қыркүйекте Қазақстан бойынша «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілімі басталған еді. Фильм көрермендерден қолдау тауып, кинотеатрдағы көрсетілімі ұзартылған болатын. 

Фильм бастапқыда телесериал ретінде түсірілген. Барлық 6 бөлімді YouTube желісінен көре аласыз.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар