Месси Деку “ Marsa” басылымына берген сұхбатында бұрынғы клубымен қоштасу матчын өткізетінін айтты.
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бұрынғы клубы "Барселонаның" алаңы "Камп Ноуда" қоштасу матчын өткізеді. Бұл туралы каталондық команданың спорт директоры Деку мәлімдедi, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Месси "Барселона" сапында міндетті түрде қоштасу матчын өткізеді. Бірақ қашан екені белгісіз. "Камп Ноудың" күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін болуы мүмкін", – деді "Барсаның" спорт директоры.
Месси "Барселона" сапында 2003-2021 жылдар аралығында өнер көрсетті. Қазіргі уақытта аргентиналық футболшы америкалық "Интер Майами" командасының ойыншысы.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
«Бұл жаңалық мені таңғалдырды»: Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2025
Спорт
"Қайраттың" және Шерхан Қалмұрзаның бұрынғы бапкері қайтыс болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 желтоқсан, 2025




