Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елордада 7-сынып оқушылары көлік ұрлаумен айналысқан

Елордада 7-сынып оқушылары көлік ұрлаумен айналысқан
Егемен Қазақстан
Ұрланған машинаның құны 3 миллион теңгеден асады.

Көлігінің орнында жоқ екенін көрген иесі полицейлерге шағымданған,деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция бригадасы 7-сынып оқушыларын Мұқан Төлебаев пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында ұстады. Күдіктілер құзырлылардың талабын елемей, керісінше жылдамдықты арттырып, қашпақ болған. Кейін олардың бұған дейін 4 ұрлық оқиғасына қатысқаны анықталды.

"Тергеу барысында жасөспірімдердің сыныптас екені және қалалық мектептің 7-сыныбында оқитыны анықталды. Қазіргі уақытта ұрлық фактісімен ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандар кінәсін толық мойындады",-дейді Гүлмира ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар