"Рұқсат сұрамаймын": Айсәуле Бақытбек ашық образдарына күйеуінің көзқарасы жайлы айтты
- автор Анар
- 20 қазан, 2023
- 8.0k
Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек желіге ашық образда түскен суреттері мен бейнежазбаларын жариялап тұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Stan.kz" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Блогердің оқырманы осы жайында Айсәуленің күйеуі не ойлайтынын білгісі келді.
"Желі қолданушысының: “Сіздің күйеуіңіз барлық киімді киюге рұқсат бере ме? Киіміңіз күйеуіңізге ұнамай қалған жағдайда ескерту жасамайды ма?” деген сауалға Айсәуле: “Бізде “рұқсат сұрау, тыйым салу” деген сияқты сұрақтар талқыланбайды. Екеуіміз де ақыл тоқтатқан, ересек адамбыз. Бізде де өзімізге тыйым салатын дүниелер бар. Бірақ ол бір-бірімізге рұқсат етпегеннен емес, бір-бірімізді сыйлағандықтан, бір-біріміздің көңілімізді қалдырғымыз келмегендіктен ондай әрекетке бармаймыз. Бірақ киімге, қыдыруға келгенде бір-біріміздің жұмысымызға араласпаймыз. “Не киемін?” деп күйеуімнен рұқсат сұрау туралы ой миыма да келмепті. Ал ол менің таңғаларлықтай образдарым үшін ақша тауып әлек. Мұндай дүниелерді ойлауға уақыты жоқ”, – деп жауап берді.