"Антикор ұйықтамаймыз":Заңгер жыл соңында футзалға 522 млн қаржы сұраған Тұманбаевты сынап тастады
- автор Анар
- 20 қазан, 2023
- 3.0k
Шымкентте депуттардың алдына келген спорт басқармасының басшысы Тұманбаев Бауыржан футзалға 522 млн теңгені қосымша сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде спорт басқармасының басшысының әрекетін сынады.
"Алайда ол қаражатты қайда жұмсайтынын айталмай тұр! Талғат Балтабаев өте дұрыс сұрап жатсыз! Жылдың басында Ордабасы футбол командасына 2,5 млрд теңге бөлінетінін Шымкенттіктер түгілі, бүкіл әлем біледі!
Бауыржан Тұманбаев депуттардың алдында сұрап тұрған ақшаны, халықтың алдында не үшін сұрап тұрғаныңды ашық айтарсың?
Тұманбаев жыл бітуіне екі ай қалғанда 522 миллионға қайда қыдырып қайтпақшың?Шымкент Антикор Оянамыз! Мыналар жылдың соңында 522 миллион сұрап, жаңа жылды қайда тойлап қайтпақшы?"-, деп жазды Айгүл Орынбек.
Бұған қоса, футболға бөлінген жылдық қаражаттың қайда қолданылғанын тексеруді талап ете отырып, ресми арыз тастайтынын жазды.
"Ресми түрде арыз тастаймын! Футболға бөлінген жылдық қаражаттың мақсатты пайдаланғанын тексеріп, анықтап беріңіздер! “Қалдық ақша “, деп жыл соңында қалталарыңа салып алмақшыңдар ма? Бұндай схемаларыңды білімнің миллирдтап жеген схемаларынан соң біліп алдық қой!
Ғабит Сыздықбеков қос азаматтығы бар, соттылығы бар, тұрғын үй тендерлеріне қатысы бар адамдардан аулақ жүре ма десем, орталарына мәз болып отырып алыпсыз ғой. Ғабит 522 млн бюджеттен бөлініп кетпесін, қаланың бюджетіне ие бол! Әйтеновке ұқсап той тойлап кетпе!",-деді заңгер.