Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алып қашудың құрбаны болған қыз сотталған күйеу жігіт пен жолдасына көмек сұрап арыз жазды

Алып қашудың құрбаны болған қыз сотталған күйеу жігіт пен жолдасына көмек сұрап арыз жазды
Aiqyn.kz
Олар тіпті салт-дәстүрге сай сырға салып, неке қиғанға келісімге келген екен.

Дегенмен, адам ұрлау бабымен айыпталған екі азаматқа сот кешірім берген жоқ, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Күні кеше алып қашу операциясына қатысқан екі азаматқа жеті жылдан жаза кескенін айтқан едік. Әлі күшіне енбеген сот шешімі аппелациялық сотта қайта қаралып, қалыңдықтың өзі де сотталушыларға жазаны жеңілдетуді сұрайды.

Жамбылға жар іздеп келген жігіт жолдасымен бірге сүйіктісін көлікке сүйреп алып қашады. Алайда артынан қуғыншы ретінде құдалар емес құзырлы орган қызметкерлері келген. Іс насырға шауып қыз ұрлаған жігіт те, ере келген жолдасы да жеті жылға сотталды. Оның бірі бес баласы бар көп балалы әке. Ендігі жерде балаларым жетім, өзім жесір қалдым деген жұбайы жазаны жеңілдетуді сұрайды.

“Жолдасы өтініп мен қызбен кездесіп жүрмін, бір дастарханда дәмдес болып отырмыз деген қызбен кездесейік келші деген соң барған, жаман ниетпен барған жоқ. Қызды бұрын көрмеген, сөйлеспеген емес. Қызбен кездесіп сөйлесіп жүрген. 5 бала әкесіз жетіп қалып отыр. 7 жыл деген тым ауыр. Сондықтан жазасын жеңілдетіп берсе деп сұраймын. Дәл қазір қыз жақ кешірім берді. Екеуі қазақтың салт-дәстүріне сай үйленіп отау көтермекші”,-дейді Жанар Жанназарова, айыпталушының әйелі.

Алайда 32 жастағы қалыңдықтың кешірімі отау құруға мүмкіндік бермейтін сыңайлы. Қыздың алдынан өткен құдалар енді прокуратура мен соттың төрелігін күтеді. Өйткені қыз алып қашу дәстүрге сай болғанымен заңға қайшы.

“Адам ұрлау дерегі бойынша ең төменгі жаза 7 жыл бас бостандығынан айыру, ең төменгі. Енді түпкілікті шешім аппеляциялық сатымен қабылданады”,-дейді Аслан Рақымбайұлы, Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры.

Белгілі болғандай қызбен жігіт бұрын бірнеше ай араласып жүрген. . Алайда қолын алуға қолқа салған жігітке қалыңдық көнбей қиғылық салған. Сырттай көріп қалған көршілері полицияға шағым түсірген. Кейінгісі белгілі. Келіндікке келісімін кеш берген қалыңдық та сотталушыларда жазаның тым ауыр екенін айтады.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар