Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері артады

1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері артады
Егемен Қазақстан
Бұл бастамаға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

«Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды. Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.

Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды»,—делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар