Төреғалиды нашақор емес деп ақтамақ болған адвокатты дәрігер орнына қойды (видео)
- автор kyn.kz
- 21 қазан, 2023
- 28.1k
Әнші Төреғали Төреәлі жол ережесін өрескел бұзып, тәртіп сақшыларын балағаттап, жол бойында таяқ жеп ұсталған сәті ел есінде. Сол күні медициналық сараптама қорытындысы әншінің есірткіш затты пайдаланғанын анықтаған еді. бірақ, осы күнге дейін оның қорғаушылары сараптама қорытындысына күмән келтіретіндерін айтып, ақталып жатты.
"Динамен дұрыс" бағдарламасына келген Төреғалидың қорғаушысы Эльнұр Кишкенбаева дәрігер алдында осы күдігін айтып, қоғауындағы азаматқа шаң жуытпауға тырысты. Бірақ, дәрігер ондай дүние ешқашан да ойдан шығарылмайтынын басып айтып, адвокатты састырды.
"Бұл жерде оның зәрін алды да, оны кімнің зәрі, қалай жасалды, біз білмейміз. Біздер үш сағаттай уақытымыз болды, сол уақыт ішінде Төреғалидың қайда екенін білмедік. Анализ қорытындысында Төреғалидың ағзасында мефедрон бар деді. ",-дейді Төреғалидың адвокаты Эльнура Кишкенбаева.
Дәрігер болса адвокаттың осы тұста қатты қателесетінін айтып өтті.
"Жоқ,жоқ! Олай болмайды. Полиция қызметкерлерімен бірге, біздің орталыққа барады.Ол орталықта анализ тапсырылады.Бірақ, екі дүниеде де біреудің зәрін ауыстырып қоятындай біздің врачтардың екі басы жоқ. Әр наркотиктің адам ағзасында сақталу уақыты бар. Мысалы, ең ұзақ сақталатыны-марихуана. Адам ағзасында бір айдан көп сақталады. Мефедрон бар десе ол болған. Ондай мүмкін емес. Бірауді алдап, жала жабу деген",-дейді дәрігер Санжар Тұрсынметов.