Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда SABA GROUP KZ өзі салған ТК-і көршілерінің үйін тегін жөндеп, ауласын безендіріп беруде (видео)

Алматыда SABA GROUP KZ өзі салған ТК-і көршілерінің үйін тегін жөндеп, ауласын безендіріп беруде (видео)
kyn.kz
Компания президенті: Біз бірнеше мектеп, балабақша, емханаларды тегін күрделі жөндеуден өткізіп, халық игілігіне пайдалануға бердік

Алматыда ресми тіркеуі бар тұрғындардың өзі 3 млн-ға жетті. Ал тіркеуі мен туған жері бөлек,уақытша еңбек етіп, болашағын осы қаламен байланыстырып жүргендер саны қаншама. Оңтүстік астана атанған Алматыға ағылатындар саны алдағы уақытта көбеймесе азаймайды. Соған сай қала әкімдігі де шаһарды кеңейтіп, тұрғын үй саны мен әлеуметтік нысандарды көбейтуде.

Жеке кәсіпкерлер арасында әкімдіктің бастамасын қолдап, халықтың қолайлы өміріне қаржылай, материалдық, еңбек күшімен қолдау көрсетіп жүргендер бар екен. Қала үлкейген сайын тұрғын үй кешендері саны артқанда жергілікті жұртқа ешқандай кедергісін келтірмеуі тиіс. Керісінше жаңа үй бұрынғыларға да жайлылық сыйлауы керек. Осы ретте SABA GROUP KZ компаниясының қаланың көркеюіне қосқан үлесі зор болып тұр.

«Біз құрылысты бастамас бұрын тұрғын үй салынатын аумақты зерттейміз. Үйде қанша отбасы тұрады, қанша бала болады орта есеппен шығарамыз. Соған сай олар қатынайтын емхана, мектеп, балабақша мәселе тудырмауы керек. Егер сол маңдағы жұмыс істеп жатқан әлеуметтік нысандарға жаңа үйдің адамдары сыймайтын болса, біз ескіні «үлкейтуге» көмектесеміз.

 Мысалы, Алмагүл ықшамауданындағы №125 мектепті жөндеуден өткіздік. М.Төлебаев пен Бөгенбай батыр көшелерінің бойындағы «Орталықта» да ауқымды жұмыс атқарылды. Сонымен бірге Ю.Гагарин мен Әл-Фараби көшелеріндегі тұрғын үйдің шатырын жөндеп, 5 қабатты және 2 қабатты үйлердің ауласын  көз тоярлықтай жасап шықтық. Яғни, бізге тұрғындар жүгінеді және біз оларға қашанда көмектесуге әзірміз», - дейді SABA GROUP KZ компаниясының президенті Ержан Абдикадиров.

SABA GROUP KZ құрылыс компаниясы әдетте туындайтын ескі көршілермен дауды алдын ала шешудің шебері. Өйткені бұрынғы үйлердегі ескірген, істен шыққан, қаланың көркіне сай келмейтін, оғаш көрінетін дүниелерді өз есебінен жөндеп беріп, қарапайым тұрғындардың алғысына бөленуде.

«Тұрғын үйді бастар кезде көршілермен келіссөзге шығамыз.  Өйткені құрылыс компаниясы өзгенің құқығының сақталуына  баса назар аударады. Мысалы, М. Төлебаев пен Гоголь көшесінің төменгі жағында орналасқан «Молодежный», М. Төлебаев пен Бөгенбай батыр қиылысындағы  «Центральный на Тулебаева»  ТК көршілеріне өз көмегімізді тегін көрсеттік. Әр үйдің кіреберіс дәлізін жөндеп, шатырын реттеп, ауласына гүлзар салып, халық игілігіне пайдалануға бердік. Сол сияқты әр ТК маңындағы тұрғындардың тілегін ескереміз. Және біздің салған үй олардың тіпті терезесінен түсетін күнді жаппауға тырысады»,-дейді SABA GROUP KZ компаниясының президенті Ержан Абдикадиров.

 Компания өз жоспарын қала әкімдігі қойған талаптарға сай жүргізеді. Мысалы  «Комфорт сити» ТК алар болсақ, онда үйдің биіктігі 20 қабат. Әр ауданның салынатын жеріне сай сесмология институты жеке зерттеу жүргізіп, соның нәтижесіне сай рұқсат беріледі. Яғни үй орналасқан жердің қыртысының жер сілкінісіне төзімділік деңгейі зерттеледі.

«Бүгінде біз ауқымды екі жобаны қолға алдық. Оның бірі Медеу ауданында орналасқан «Arman City» тұрғын үй кешеніндегі білім ордасы. 9 гектар аумақта 52 үй болады. Өздерінің инфрақұрылымы, өз мектебі бар. Әрине білім ордасы салынып біткеннен кейін қала балансына өткіземіз. Сонымен бірге көптеген ойын-сауық орындары да қарастырылған. Мейрамхана, кафе, аллея мен су бұрқаққа да орын қарастырылған.Яғни әр тұрғын үй кешенінің тұрғыны жанына қажеттіні қаланың келесі жағынан, немесе көрші ТК іздемеуі керек деген қағиданы ұстанамыз.

Қазіргі уақытта «Arman City» тұрғын үй кешенінің жанынан тағы бір мектептің қабырғасы қалануда. Енді мұнда қоныстанатын  52 үйдің тұрғындары баланы қай мектепке оқытамын деп бас қатырмайды. Онда өзіне тиесілі барлық жағдай қарастырылған.

Екінші ғимарат – SABA TOWER HOTEL амбициялы, инновациялық жобасы. Бұл 23 қабаттан тұратын ғимарат, 125 пәтер, автотұрақ және көптеген мейрамханалар, кафелер, кеңселер, сонымен қатар өзінің SPA орталығы болады», - дейді SABA GROUP KZ компаниясының президенті Ержан Абдикадиров.

Алдағы уақытта алып шаһар Алматыда бала саны жыл санап артуына орай 22 жаңа оқу ордасының құрылысы жоспарланған. Соның 8-ін жеке кәсіпкерлер салады. Білім ордасы қолданысқа берілген тұста әкімдік қарамағына өткізіледі.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар