Қоғам
Президент Жолдауы реформаларды жүзеге асырудың нақты мерзімдерін айқындайды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:11
- 40
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында мемлекеттік реформаларды жүзеге асырудың нақты бағыттары мен міндеттері белгіленген. Олардың тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі – алға қойылған міндеттердің іс жүзінде орындалуы және мемлекеттік институттар жұмысының нәтижелерін бағалау.
Бұл туралы салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімінің қызметкері Шынар Топаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, нақты мерзімдердің белгіленуі бастамалардың жүзеге асырылу барысын бақылауға, қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға және қабылданған шаралардың тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.
«Нақты мерзімдер Жолдауда белгіленген міндеттердің орындалу нәтижелерін бақылауға, бағалауға және талдауға мүмкіндік береді», – деді Шынар Топаева.
Сондай-ақ ол мемлекеттік басқарудың жаңа моделі жағдайында Үкіметтің жұмысына және мемлекеттік институттардың қызметіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Келесі мақала



