Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адвокат Кішкенбаева: Төреғалиды полиция ұрғанда қорыққаннан Толқынның судорогі ұстаған

Адвокат Кішкенбаева: Төреғалиды полиция ұрғанда қорыққаннан Толқынның судорогі ұстаған
Төреғали полиция қызметкерлері әйелінің талмасы ұстап жатса да қарамағанына қатты ашуланғанып, балағат сөз айтқан көрінеді

Төреғали Төреәлінің адвокаты Эльнұр Кішкенбаева әншіні полиция ұстау кезінде неге сонша қатты ашулы болуының себебін түсіндірді. Сөзінше Төреғали бірден полициядан қашып, түсініксіз жағдайда өзін  агрессивті ұстамаған. Ол алдымен күнде бұрылып жүрген жерден бұрылған, бірақ сол сәтте жол белгілері өзгеріп, ол жерден жолды қиып өтуге тыйым салынған екен. Жол полициясы  әншіні қуып жеткен тұста жағдайды түсіндірген. Сонымен қоса асығып тұрғанын айтып, қол алысып, әрі қарай жүріп кеткен. Бірақ араға уақыт салып, жол полициясы Төреғали басқарып кележатқан көлікті қуып жетіп, тоқтатуға тырысқан, дейді адвокат Кішкенбаева  Дина Төлепбергенге берген сұхбатында.

"Полиция түсініксіз жағдайда оны тоқтатуға тырысқан. Ол асығып өз бағыты бойынша кетеберген. Сол сәтте полицейлер жабылып көлікті қысып, тоқтатып, күш қолдана бастаған. Тағы айтатын жайт, Толқынның судорогі ұстап, екі аяғын қозғалта алмай, талмасы ұстайтыны бар екен. Өздеріңіз видеодан көрген шығарсыздар. Жан дауысы шығып, қорқып жатыр.

Сол кезде екі аяғын қозғалта алмай, қорыққаннан дірілі басталған. Төреғалидың бар ызасы да сол. Полицейлер осы жағдайды түсінуге тырысқан жоқ. Енді адам денсаулығы маңызды ғой қандай жағдай болмасын. Бірақ, оның бір жігіттігі, осы бойынша жол полицейлерінің үстінен ешқандай шағым түсірмейтінін айтты. Ол өзі мінезді жігіт",-дейді Эльнұр Кішкенбаева.

Ал нарколог Санжар Тұрсынметов болса қазір жастардың дені  мефедронға кәдімгідей тәуелді болып қалғанын айтады. Себебі дәрігер мұндай жағдайды күнде көреді екен. Сонымен қоса  есірткіге тәуелді адамдардың белгілерін айтты.

"Ондай адамнан өзі иісі болады, сол шығып тұрады. Адамның көзінен байқауға болады. Жол полицейлері мұндай белгілерді жақсы біледі, сол себепті бірден сынама алып, есірткі тестінен өткізген болуы мгмкін. Дәрігер ретінде химиялық есірткі болсын,. қандай түрін қолданса да адамның терісінің түсінен, қолынан, өзін ұстауынан бірден білуге болады. Содан кейін сынама қорытындысы әр есірткінің құрамын шатастырмайды. Әрқайсысының формуласы бар",-дейді нарколог Санжар  Тұрсынметов.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар