Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айтыскер ақын Надежда Лушникова қайтыс болды

Айтыскер ақын Надежда Лушникова қайтыс болды
Сурет: qazaqstan.tv
Айтыскер ақын Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы мәлімдеді.

Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған. Қазақ ортасында тәрбиеленіп, қазақша оқып, білім алған.

Ол 1961 жылы Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педучилищені, 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін (қазақ бөлімін) бітірген.

Лушникованың шығармашылық жолында айтыс ерекше орын алды. Бұл сайыста тек өлең шығару шеберлігі емес, сонымен қатар суырып салып айту қабілеті де аса маңызды.

1963 жылы Қызылордада облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер болды. Шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілді. Ақындар бәсекесі режиссер Т. Дүйсебаевтың "Айтыс" фильміне енген.

Кейін Лушникова ақындар айтысына қатысуын жалғастырған. Ол 1965 және 1978 жылдары Жамбыл аудандық, 1977 және 1979 жылдары Алматы облыстық айтыстарға қатысып, әріптестерін жеңген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар