Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

Елімізде оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады
Ақмешіт жастары
Күзгі демалыс 30 қазаннан 5 қарашаға дейін жеті күнге созылады.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Министрлікте бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберілетінін атап өтті. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, балаларға арналған мынадай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған: жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

"Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау; "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, "Педагог – бала – ата-ана" бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;

Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай "Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу" тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;

Оқушылар арасында "Өнегелі өмір" тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп "Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу; "Әкеге ізет, анаға құрмет" тақырыбында "Жас ақындар айтысы" байқауын ұйымдастыру.

Сондай-ақ жасөспірімдер мен балаларға арналған ақындар сайысында жеңімпаздарды марапаттау қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар