Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Жүрсін Ерманға және бірқатар азаматқа награда берді

Тоқаев Жүрсін Ерманға және бірқатар азаматқа награда берді
Almaty.kz
Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман "Отан" орденімен марапатталды

Жүрсін Ерманов "Отан" орденінен бөлек Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Сонымен қатар "Құрмет" орденімен де марапатталған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Отан" орденімен суретші А.Ақанаев және белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Жүрсін Ерманов марапатталған. 

Сонымен қатар Т.Әбдікұлы, Смағұл Елубаев, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов және Любовь Шашкова "Қазақстанның халық жазушысы" атағын иеленді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.

Ұқсас жаңалықтар