Өнер иесі өзге елде өмір сүруді жоспарлағанына біраз болғанын айтты
Әсел Сәдуақасова бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
“Мағжан екеуіміз көктемде, Балиде тұрғанымызда шешім қабылдағанбыз. Біз күзде біраз уақыт Дубайда тұрамыз деп шештік. Міне, сол сәт келді. Бақыттымын. Күйеуімнің келгенін күтіп, өз ұямызды дайындаудамын", - деп жазды актриса.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін актриса Әсел Сәдуақасова жүктілігін 20-аптасында дәрігерлер кеңесімен тоқтатуға мәжбүр болғанын айтқан болатын.
Сонымен қатар өнер иесі қиын жағдайда күйеуінің қалай қолдау білдіргенін де баяндап берді.
Келесі мақала