Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылша ауруы өршіді:Ақтөбе облысында 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылша ауруы өршіді:Ақтөбе облысында 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр
Орталық Қазақстан
Ақтөбе облысында қызылша ауруы ушығып барады.

Жыл басынан бері облыстың мыңнан астам тұрғыны қауіпті дертке шалдыққан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Қазір жансақтау бөлімінде алты сәби жатыр. Емханаларға қосымша төсек-орындар салынуда.

Ақтөбе облысында қызылша ауруының алғашқы оқиғалары ақпан айында тіркеле бастады, деп жазады Astanatv. Ауру асқынған уақыт күзде тіркеліп отыр. Барлық отбасылар емделуге ауруханаларға жатқызылады. Осыған орай облыстағы ауруханаларға қосымша төсек-орындар орналастырылды.

"Бүгінде бізде облыста 211 төсек, ересектер мен балаларға арналған облыстық ауруханаларда 91 және «Чайка» шипажайында 120 төсек бар. Соңғы 10 күнде бізде күніне орта есеппен 20 жағдай тіркелді",- деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаев.

Қазір «Чайка» шипажайында 82 адам емделуде. Басым көпшілігі балалар. 6 сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ауру жұқтырған балалардың 70 пайыздан астамы екпе алмаған. Ал мұндай жағдайларда ауру әлдеқайда ауыр жүреді.

Дәрігерлер қызылшаның өте жұқпалы ауру екенін ескертеді. Вакцинацияланбаған адам оны 100% ықтималдықпен жұқтыруы мүмкін. Аурудың айтарлықтай тарап жатқанына қарамастан, облыстағы балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмаған. Қызылша анықталса, жұқтырған бала оқшауланады, ал қалған балалар 21 күн бойы бақылауда болады.

Ұқсас жаңалықтар