Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Whatsapp миллиондаған телефонда істен шығады

Whatsapp миллиондаған телефонда істен шығады
Olhar Digital
Whatsapp мессенджері Android-тың ескірген нұсқаларында жұмыс істемейді.

24 қазаннан бастап WhatsApp Android операциялық жүйесінің 5.0 (Lollipop) нұсқасынан төмен нұсқаларында жұмыс істеуін тоқтатты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Осы уақытқа дейін Android 4.1 нұсқасында мессенджер өз жұмысын жалғап келді. Ендігі кезекте Android 4.1 - 4.3 Jelly Bean және Android 4.4 KitKat операциялық жүйесін пайдаланатын смартфон иелері қолданбаны қолдануды жалғастырғысы келсе, құрылғыларын жаңартуы қажет.

2023 жылдың маусым айындағы Google статистикасына сәйкес, барлық белсенді Android құрылғыларының шамамен 0,5 пайызы Android 4.4 KitKat операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Аndroid смартфондарының жалпы саны 3 миллиардтан асады. Демек WhatsApp енді шамамен 15 миллион құрылғыда жұмыс істеуін тоқтатады.

Ұқсас жаңалықтар