Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ішімдік кіргізген”. Боранбаев түрмеде туған күнін дүркіретіп тойлаған

«Ішімдік кіргізген”. Боранбаев  түрмеде туған күнін дүркіретіп тойлаған
Kazfootbal.kz
Түрмеде алкогольді ішімдікпен қатар, үшінші тұлғалармен процестік емес байланысқа түсуге заңсыз мүмкіндік болған

Өткен аптада жазасы жеңілдеп, түрмеден босатылған Қайрат Боранбаевтың немере бауыры Әбілхан Боранбаев пен одан пара алған жедел уәкіл Дәурен Қазыбекті Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты соттады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ресми мәліметтерге сүйенсек,  Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 19 қазан күні осы оқиғаға қатысты қылмыстық істі қараған.

 Әбілхан Боранбаев жедел уәкіл  Дәурен Қазыбек пен оның әріптесі (күдікті тергеу кезінде қаза тапқан, оған қатысты іс тоқтады - агенттік) 1,6 млн теңге көлемінде пара берген деп айыпталды.

Ақпарат бойынша, бұл ақшаны алған Дәурен Қазыбек пен оның қаза болған әріптесі тергеу үшін қамауға алынған Қайрат Боранбаевқа мобильді байланыс беріп, кездесу өткізген.

Сонымен қатар, сотта дәлелденгендей, 22 қыркүйек Қайрат Боранбаевтың туған күнінде түрмеге алкогольді ішімдік кіргізіп, үшінші тұлғалармен  процестік емес байланысқа түсуіне заңсыз мүмкіндік берген.

Сот жедел уәкіл Дәурен Қазыбекті 7 жылға, ал, Қайрат Боранбаевтың туысы Әбілхан Боранбаевты 4 жыл алты айға соттады. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар