Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында екі акушер жаңа туған нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқан

Жамбыл облысында екі акушер жаңа туған нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқан
Baq.kz
Екі акушерге қатысты сот үкім шығарды

Облыстық сот мәліметінше, Жамбыл облысында перзентхананың екі акушері жаңа туған нәрестені сатқаны үшін Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа тартылған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Сот анықтағандай, 2022 жылдың қараша айында жәбірленуші жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату мақсатында, аурухананың перзентхана бөлімінің акушері Б.-ға хабарласқан. 

"Жәбірленушінің жүктілігін отбасынан жасырғанын түсінген Б., өзінің әріптесі Ю.-дан босанғаннан кейін баланы сатуға көмек сұраған. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін (яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы) акушерлер жәбірленушіні алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жаңа туған нәрестені азаматқа 1,5 млн теңгеге сатқан", - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар