Қоғам
Еңбекке қабілеттіліктен және асыраушыдан айырылғанда берілетін әлеуметтік төлем көбейеді
- kyn.kz
- 27 қазан, 2023
- 851
2024 жылғы 1 қаңтардан әлеуметтік төлем мөлшері артады
Аталған тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды, дейді KYN.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген. Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Келесі мақала