Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте көлікке жалған нөмір жасайтын цех табылды

Шымкентте көлікке жалған нөмір жасайтын цех табылды
Inbusiness.kz
Түркістандық полицейлер цехты ұстасымен қоса құрықтады

Шымкентте көліктерге жалған мемлекеттік нөмір жасайтын цех анықталды. Шымкент-Самара тасжолында жалған нөмір тағып ұсталған Нива қожайынының соңынан түскен түркістандық полицейлер тіркеуде жоқ нөмірлерді жасап жүрген цехты ұстасымен қоса ұстапты, дейді KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
 

Цех қожайыны ғимараттың қабырғаларына дейін өтірік нөмірлерді жабыстырып тастапты. Тінту кезінде шеберхана ішінен 103 дана нөмірлік белгі, жүзден астам голограммалық жапсырмалар мен нөмір жасауға арналған станок табылған. Сырт көзге заңды нөмірден айырмашылығы жоқ.  Заңсыз кәсіппен айналысқан ұста қазір тергеушілерге жауап беруде. Қазір оның бұл жұмысты қашан бастағанын, неше жалған нөмірді қанша теңгеге сатқанына дейін анықтау керек. 


 

Ұқсас жаңалықтар