Аулануы тиіс киіктердің саны – 770 мың бас
Бұл ақпарат «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» жобада көрсетілген, дейді KYN.KZ.
«Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, жас-жыныстық құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан киіктерді аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылады», - делінген құжатта.
БҚО-да қазір олардың еті сатылымға да шығып, өнеркәсіпке де қолданылып жатыр.
«Киіктің киесі ұрады» дегеннің қазір қадырі қалмаған сыңайлы.