1xadv

Шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті

13 кенш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Пресс-служба президента Казахстана

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны туралы жаңартылған деректерді жариялады.

"Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 33 адамның мәйіті табылды, 13 кеншіні іздеу жалғасуда", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Қарағанды ​​облысындағы шахталар жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті шахталарының жұмысы алдағы бірнеше күнге тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Компаниядағылар атап өткендей, осы уақыт ішінде газдан қорғау бойынша тексерістер жүргізіледі.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.

Loading...