Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Экс-әйеліңізбен қайта қосыласыз ба?":Қызы туралы айтқанда көзіне жас алған актер Айдар Асқарбек көпті мазалаған сұраққа жауап берді

"Экс-әйеліңізбен қайта қосыласыз ба?":Қызы туралы айтқанда көзіне жас алған актер Айдар Асқарбек көпті мазалаған сұраққа жауап берді
Time.kz
Қазір Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайымның ортақ қызы бар

Өнер иесі Taboo бағдарламасында бұрынғы әйеліне қайта қосылуға қатысты ойын айтты, дейді KYN.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Айдар Асқарбектен "Бәрі сонда бітті ме? Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сонда сен осы кітапты жауып тастадың ба? Жарқынай екеуің сөйлесіп көрмедіңдер ме? Қосылу деген ой жоқ па?" деп сұрады. Ал актер бұл шешімді бір күнде қабылдамағандарын айтты. "Ондай ой болды. Бір күнде шешілген әңгіме емес. Бірнеше айға созылған әңгіме. Ол кезде махаббат жалындап тұрған кез. Қызымыз енді дүниеге келген уақыт.

Ер басыммен маған қиын болғанын мойындаймын. Осы бағдарламаны пайдалана отырып, ер адамдарға "Мүмкіндіктерің болса, ажырасуға жол бермеңдер" деймін. Рас айтамын, өте қиын жағдай. "Кім ажыраспай жатыр" деген қате түсінік. Ер адам да, әйел адам да ажырасуға жол бермеуі керек", - деді актер.
 

Сонымен қатар актер ажырасу жайлы шешімнен кейін жанұясы мен жақындарының өзіне ренжігенін де жеткізді. "Барлық жақтан түсініспеушілік болды. Өзімнің жанұям, тәтелерім, бауырларым, ағаларым мені түсінген жоқ. Бәрі ренжіді. Сөйлеспей қойды. Не үшін ажырасқанымызды әлі күнге білмейді. Ол тек Жарқынай екеуіміздің арамыздағы жағдай. Осы шешімді 100 пайыз қабылдадым", - деді Айдар Асқарбек.
 

 

Ұқсас жаңалықтар