Мәдениет
"Қуанышымда шек жоқ": Ерке Есмахан үйінің несиесінен қалай жапқанын айтты
- kyn.kz
- 30 қазан, 2023
- 4.7k
Әншінің қазір тұрып жатқан үйінің несиесін күйеуі төлеген
Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, дейді KYN.KZ.
Желі қолданушысы "Бала дүниеге келгеннен кейін осы үйде тұра бересіздер ме?", - деп сұрады Ерке Есмаханнан. Ал әнші үйінің қарызын күйеуі төлеп бергенін айтты. "Әрине, тұра береміз. Бұл үйді кезінде мен несиеге алып, содан қанша жыл төлеп жүрдім.
Карантин кезінде жұмыс жоқ, үйде отырып қалып қиналдым. Раимға күйеуге шығып, арқа сүйеп, жағдайым жақсарып қалды. Күйеуім несиені жауып, құжаттарды банктен алып бергенде, қуанышымда шек болмады. Шүкір! Қазір ештеңе ойламаймын, рақат. Сондықтан әзірге осы үйде тұрамыз", - деп жауап берді әнші.