Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елордадағы жарықтың өшуі: қала әкімдігі апатқа не себеп болғанын айтты

Елордадағы жарықтың өшуі: қала әкімдігі апатқа не себеп болғанын айтты
Elorda.info
Кеше апат салдарынан қаланың жартысы жарықсыз қалды

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте апат не себепті болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ
Нұрлан Нұркенов Астанадағы апат 29 қазан күні сағат 21:57-де болғанын еске салды. "ЖЭО-2-ден қуат алатын қосалқы станцияларда тұтынушыларға берілетін электр қуаты шектелген. Барлығы 10 қосалқы станция істен шықты. Төтенше жағдай жетекші желілерде болды. Апатқа кабельдің үзілуі және шкафтардың бірінің өртенуі себеп болды", - деді спикер. Естеріңізге сала кетейік, елордада кеше кешкі уақытта желідегі апат салдарынан қаланың оң жағалауында жарық сөнгенін жазған едік. Тұрғындар электр қуатынсыз қалғанын айтып, желіде жарыса жазба қалдырған болатын. Оған қоса жарықтың сөнуінен бөлек, ауыз су беру де тоқтатылған.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар