Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нағашы атасы зорлаған 3 жасар егіздердің анасы адам айтса сенгісіз сұмдықты айтты

Нағашы атасы зорлаған 3 жасар егіздердің анасы  адам айтса сенгісіз сұмдықты айтты
ктк
Алтынай Шалтабай: Қыздарыма осындай қастандық жасаған анама өлім жазасын сұраймын

Алматы облысына қарасты Бақанастағы сұмдықтың нүктесін қою үшін қорланған қыздардың анасы Алтынай Шалтабай ел алдына шығып, ашық сұхбат берді. Қорланған қос қыздың анасы Алтынай  күдікті дәл осындай зорлықты сіңлісіне де жасаған деп отыр. Бүгінде өз қыздарының тағдырына жауапкершілікпен қарамаған ана ата-ана құқығынан айырылып отыр, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

"Мен негізі өзімнің екі қызымды Асылан деген жігітпен көңіл қосып, содан босанғанмын. Өгей әкем Арслан (күдікті). Ол басында маған көңіл білдірген. Кішкене жүріп сосын мінезі ұнамағаннан кейін одан құтылдым. Артынша ол менің шешеме заңды түрде үйленді. Мен қыздарымды анама қалдырып, мал жақта жүрдім. Кешке ұйықтауға келгенде қызым ыңырсып, мазасызданып ұйықтай алмады.

Ойладым, памперске бүлдіріп қойды ма деп. Сөйтсем памперстің іші толы қан. Бірден түнгі 5-те жедел жәрдем шақырдым.Сол жерде осындай жағдай болғанын білдік. Анамнан сұрасам "Мен ештеңе білмеймін" деді. Меніңше ол ештеңе білмейтін деңгейде мас болды. Бұған дейін егіздердің үлкенінде осындай жағдай болған. Ол кезде де білмейміз. Алыс жолға шыққанбыз.Жолда баланың қызуы көтерілді. Жөргегін ашып қарасақ тоқ ішегі мен  алдыңғы жағы бірігіп кеткен жыртылып, қансырап. Оның барлығын айтып полиция шақырайық десек Арсланның шешесі "бүкіл туыстарыңды, отбасыңды жоқ қыламыз" деп қорқытты.

Қызым ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Енді оларды өзімнің қамқорлығыма алғым келеді. Осының бәріне себепші анама өлім жазасын берулерін сұраймын. Бұл Арсылан осыған дейін 7 жасар сіңліме де осындай әрекет жасаған. Көсеу басып, қанды тоқтатты деген әңгіменің бәрі рас",-дейді 3 жасар егіз қыздардың анасы  Алтынай  Шалтабай Дина Төлепбергенге берген сұхбатынды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар