Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Алматы облысында 5 жасар қыз зорланды»: полиция оқиғаға түсінік берді

«Алматы облысында 5 жасар қыз зорланды»: полиция оқиғаға түсінік берді
UNICEF
Бала жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген

31 қазанда «Немолчи.кз» қорының президенті Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазба жариялады. Онда ол Алматы облысының балалар клиникалық ауруханасына жол апатына түскен қыздың жеткізілгені айтылған, дейді KYN.KZ.

Бала көлік апатынан кейін ауруханаға жеткізілген. Тексеру кезінде дәрігерлер қыздан зорлық белгілерін байқаған.

«Қараусыз қалған қыз жолға шығып кеткен. Оны көлік қағып кеткен. Нәтижесінде ол ауруханаға жеткізілген. Қасында әжесі бар. Дәрігерлер қызды тексергенде зорлық белгілерін байқаған», - делінген видеода. 

Полиция қызметкерлері бұл мән-жайларды дереу тексеріп, медициналық мекемеге жедел-тергеу тобын жіберді. Ауруханаға түскен екі бала (5 және 7 жаста) емделіп жатыр.

«28 қазанда отбасы көлік апатынан соң жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге медициналық мекемеге жеткізілген. Анасы балаларына зорлық-зомбылық жасалғанын жоққа шығарды. Дәрігерлер тексеріс жүргізіп, балалардан зорлық-зомбылық белгісін анықтамады», - деп жазылған хабарламада.

Медициналық тексеру нәтижесінде жыныстық сипаттағы әрекеттерге тән жарақаттардың жоқтығы анықталды. Сонымен бірге, Алматы облысы бойынша ПД өкілдері аумақтық бөлімшелеріне жарияланымда көрсетілген дерекке қатысты басқа арыздар мен өтініштер түспегенін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар