Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Дариға кейде адамды жейді. Бәрі соның қалауынша болу керек”: Олжас Абай Дариға Бадықованың мінезі туралы айтты

"Дариға кейде адамды жейді. Бәрі соның қалауынша болу керек”: Олжас Абай Дариға Бадықованың мінезі туралы айтты
YouTube
Актрисаның дауыс көтеріп кететіні жайлы да жеткізді

Олжас Абай мен Дариға Бадықова "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болып, бір-біріне қатысты ел білмейтін жайттарды ақтарды,деп хабарлайды KYN.KZ.

Әртістер арнайы ойын ойнап, мінездері жайлы шындықты айтты. "Дариға кейде адамды жейді. Бәрі соның қалауынша болу керек. Адам отырғанын елемейді. Кейде ұрысып қалады. Жан-жағында кім отыр қарамайды. Біреудің айтқан сөзіне жауап бергісі келіп отырады. Дауыс көтеріп кететіні бар. Жұмыс барысымен алдын ала сен үшін бір нәрсе ойластырып қояды. Ол жоспарлағандай болмай қалса, жүйке жүйесі жұқарып кетеді. Ол маған бастық емес. Дариға маған жақсы дос. Дегенмен бәрін бақылауда ұстағысы келеді. Менде бос уақыт болып қалады ғой. Сондай кезде босатпайды. Сен көз алдында жүру керексің. Оған бір нәрсе ұнамай тұрғанын жеткізіп түсіндіру қиын", - деп ағынан жарылды Олжас Абай.

Ал Дариға Бадықованың айтуынша, актер түсірілім алаңында кейде еркелеп кетеді. "Кейде түсірілім алаңында еркелеп, дұрыс жұмыс істемейді. Ұйықтап қалады. Ұйқысы қанбаса соны міндет қылады. Телефонда көп отырады", - деді актриса.

Ұқсас жаңалықтар