"Күтейін дедім": Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен ажыраспауға тырысқанын айтты
- kyn.kz
- 2 қараша, 2023
- 3.3k
Өнер иесі Instagram парақшасында отбасынан айырылмау үшін бәрін жасағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Бір ай ішінде екі ота жасаттым. Қазір тәуір болып келе жатырмын. Жақында алдарыңызға позитивті күйде қайта ораламын. Бірақ сіздерге позитив сыйлағанды қаласаңыздар, отбасым жайлы әңгіме айтуды доғарайық. Отбасым туралы мүлде әңгіме қозғаған жоқпын.
Себебі, отбасы менің жеке өмірім. Бірақ көп адам "Отбасыңды қайтарсайшы" деп хат жазуда. Мен отбасымды жіберіп қоятын адам емеспін. Мен тырыстым. Бір емес, екі емес, үш ай бойы отбасымды сақтап қалу үшін біраз нәрсе жасадым. Бардым, сөйлестім, айттым. Ойлан, бір ай күтейін, екі ай күтейін, үш ай күтейін дедім. Солай біраз уақыт өтіп кетті.
Солай жүргенде ауырып қалдым. Жалпы айтқым келетіні, мен отбасыны бекер жіберіп қоятын адам емеспін. Сөйлесіп жүрдік, бірақ нәтиже болмады. Ал сіздерге айтарым, отбасыны сақтаңыздар! Себебі, бұл өмірде отбасыдан артық еш нәрсе жоқ. Жалғыздық тек Аллаға жарасады", - деді Жахан Отарғалиев.