Сарапшылар отандық құс еті мен жұмыртқасын көрші Ресей түк қалдырмай, түп көтеріп алып кетуі мүмкін деп алаңдайды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Мамандар ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бірінен соң бірі жабылып жатқанын айтып, дабыл қағуда. Мысалы, екі ірі сүт өңдеуші кәсіпорын: Алматыдағы "Агропродукт" пен Солтүстік Қазақстандағы "Маслодел" жабылып тынды.
Бірден 12 құс фабрикасы жұмысын доғарды. Оның салдары да көп күттірмеді. Еліміздегі жұмыртқа өндірісі 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы 3 миллиард 398,8 мың данадан 2023 жылғы қаңтар-тамыздағы 3 млрд 328,2 мың данаға дейін азайып кетті.
Сарапшылар бұған субсидиялардың тапшылығын және құстарға арналған азықжем бағасының қымбаттауын айыптап отыр. Бұрын құс фабрикалары әрбір жұмыртқа үшін бюджеттен 4 теңгеден қайтарымсыз демеуқаржы алатын. Қазіргі кезде одан айрылды.