Қоғам
Елімізде жұмыс істейтін зейнеркерлерге қай жерде ең жоғары жалақы төленеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 20:31
- 1
Қазақстанда 65 жастан асқан азаматтар мемлекеттік мекемелерге қарағанда жеке компанияларда көбірек жалақы алады.
Ал ең жоғары табыс шетелдік кәсіпорындарда тіркелген. Мұндай ұйымдарда жұмыс істейтін зейнеткерлердің орташа айлығы 477 мың теңгеден асады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін 65 жастан асқан азаматтардың орташа айлығы – 313 274 теңге.
Қазақстандық жеке компанияларда бұл көрсеткіш 364 105 теңгені құраған. Ал шетелдік компанияларда жұмыс істейтін зейнеткерлер айына орта есеппен 477 281 теңге алады.
Осылайша, шетелдік компаниялардағы орташа жалақы мемлекеттік кәсіпорындардағы көрсеткіштен шамамен 52 пайызға жоғары.
Жалақы мөлшері кәсіпорынның меншік түріне ғана емес, орналасқан өңіріне де байланысты.


