Заңғар Нұртас желі қолданушыларына арналған видео үндеуін Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлайды KYN.KZ. Ол өзіне "сабырлы бол" деп сынап жатқандарға ренішін білдірді. "Бір кісілер "Заңғар сабырлы болсай, өзіңді еркек сияқты ұстасай" деп жазып жатады. Мен үйдің кішісімін, еркесімін. Бірақ, енді Индира келді. Индира еркелейді ғой. Алайда, сонда да сіздермен эмоциясыз, күлмей сөйлесіп жүрсем, "ол кезде Instagram қызық болады ма?" деген сұрағым бар. Маған ондай ауыр сөз айтпаңыздар. Жүрегіме тиеді. Жүректі ауырпаңыздар. Арасында әзілдесу де өнер ғой. Күліп жүрген негізі жақсы ғой", - деді Қайрат Нұртастың інісі.
Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Заңғар Нұртастың сүйіктісі өз ұясынан ұзатылып, жұлдызды әулетке келін болып түсті. Бұл Айдарбекованың кіші ұлы үшін екінші неке болды. Оның таңдауы Индира Есімді арыға түскен.