Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Салафиттық-уаhабиттік діни ағымға тыйым салынуы керек”. Президентке зиялылар хат жіберді

“Салафиттық-уаhабиттік діни ағымға тыйым салынуы керек”. Президентке зиялылар хат жіберді
AtyrauPress.kz
Қоғамға діни секталардың кірмеуін қадағалау керек дейді

Бірқатар зиялы қауым қарқынды түрде дамып жатқан  діни-радикалды бағыттарға қарсы, деп хабарлайды KYN.KZ.

Мемлекеттің гүлденіп жатқан сәтінде қоғамға  кез келген салафиттердің, гүленшілердің, сүлейменшілердің, құраниттердің, софылардың сондай-ақ өзге де діни секта өкілдерінің кіріп кетпеуін қадағалау керек дейді олар. Бүгінде қоғам дертіне айналған теріс діни ағымдар ислам діні атына кір келтіріп отырғанын баса айтып, ел ағалары Президенттің атына хат жолдады.

"ҚР Президенті
Қ.Тоқаев мырзаға,
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.С.Әшімбаев мырзаға,
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Ж.Қошанов мырзаға,
ҚР Бас прокуроры
Б.Асылов мырзаға
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е.А. Сағымбаев мырзаға

Ашық хат!

Елімізде діни-радикалдық бағыттар күш алып келеді. Соңғы кездері тіпті қарқынды түрде дамуда. Оған дәлел - ұлттық құндылықтарымыз, ұлттық ерекшеліктерімізге айрықша шабуылдар жасалып жатқаны. Бұдан былай мемлекет тарапынан нақты шараларды қолға алмаса, мүлде кеш болатыны сөзсіз.
Оның үстіне Өзбекстан мен Қырғызстан салафиттік-уаһабиттік жат идеологияға тыйым салуды қолға алды. Өзбекстан тіпті заң шығарып үлгерді. Егер біздің елімізде де мемлекет нақты заң қабылдамаса, көрші елдердегі теріс діни ағым өкілдері Қазақстанға қарай ағылады. Сондықтан Мемлекет тарапынан заң қабылдау жөнінде шешім шыққаны көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.

Осы күндері туыстар, жастар, тіпті бір отбасы мүшелері дін мәселесімен бір-бірімен араздасып, бір дастарқан басына отыра алмайтын жағдайға жетті. Бұл ұлтты бөлшектеу салдары ұлттық қауіпсіздікке де орасан зор нұсқан келтірмек.

Мемлекеттік қызметтің кез келген түрінде салафиттердің, гүленшілердің, сүлейменшілердің, құраниттердің, софылардың сондай-ақ өзге де діни секта өкілдерінің кіріп кетпеуін билік қатал қадағалауы тиіс.
Теріс діни ағымдар ислам діні атына кір келтіріп отырғанын да баса айтуымыз керек" делінген хатта.
 

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар